Боран салдарынан 35 көлік қар құрсауында қалды
Боран салдарынан 35 көлік қар  құрсауында қалды
© inform.kz
537
оқылды
«Алматы-Өскемен» тасжолында қарлы боранның салдарынан 35 көлік жолда қалған, -деп хабарлайды ҚазАқпарат. «3 ақпан күні қас қарайған шақта жол көрінбей кеткендіктен «Алматы-Өскемен» тасжолының учаскелерін жабу жұмыстары жүргізілді. Абырой болғанда, құтқарушылар Жарма ауданына таяу жерде қалың қар мен бұрқасыннан жолда қалған 35 көлікті байқап қалған. Оның ішінде 1 автобус болған», – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Таңертең арнайы техника белгіленген аумақты тазалап, жолды ашып берді. Жарма ауданының құтқарушылары көліктермен ілесіп отырып, біраз жерге дейін шығарып салған.