Ақтөбе қаласы Маресьев көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінде пышақталған әйелдің денесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Әйел адам пышақ жарақатынан көз жұмған.
«Күдікті ұсталған сәтте қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерін жарақаттап, оқиға орнынан көлікпен қашып кеткен. Қудалау кезінде күдікті бірнеше автокөлікті соғып, Ақтөбе-Болгарка жолында аударылды. Күдікті ұсталды. Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
«Немолчи.кз» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Дина Таңсәрінің айтуынша, қаскүнем балкон арқылы кіріп, қызды пышақтаған.
Қаза тапқан қыз – эндокринолог-дәрігер, 9 жыл медицина мамандығына оқыған. Ол еңбек демалысында болған.