Еліміздің екі облысында жолдарды су басу салдарынан көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
Қостанай облысы
2024 жылғы 23 сәуірде сағат 18:15-те еріген қар суының салдарынан "Екатеринбург-Алматы" автомобиль жолының 686-729 шақырымының (Сарыкөл ауылы – СҚО шекарасы учаскесі) жүру бөлігін су алуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Солтүстік Қазақстан облысы
2024 жылғы 23 сәуірде сағат 18:15-те Қостанай облысынан еріген қар суының өтуіне байланысты "Екатеринбург-Алматы" автомобиль жолының 729-768 шақырымы аралығында (Қостанай облысының шекарасы – Тоқсан би ауылының учаскесі) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.