Молдовада коронавирус жұқтырған алғашқы науқас тіркелді
Молдовада коронавирус жұқтырған алғашқы науқас тіркелді
© Сурет REUTERS агенттігінен
373
оқылды
Коронавирусты жұқтырудың алғашқы оқиғасы Молдовада ресми түрде расталды, деп хабарлайды РИА Новости. "Денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Молдова Республикасында жаңа үлгідегі коронавирусты жұқтырудың алғашқы расталған жағдайы туралы хабарлайды. Ол бүгін Италиядан оралған 48 жасар әйел",-делінген денсаулық сақтау министрлігінің сайтында. Әйел ауруханаға жатқызылды. Ол бұған дейін қант диабеті мен гипертониямен ауыратын болып шықты. Ол екі жақты бронхопневмониямен, жіті тыныс алу жетіспеушілігімен, қызба мен жөтелмен ауруханаға жеткізілді.