24 сәуірде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісімен жаңа жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша сағат 11:19-да тіркелді. Оның эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 760 шақырым жерде – Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9, MPV магнитудасы 4,4, тереңдігі 5 шақырым болды.
Жер сілкінісінің сезілуі: Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Тасбастау ауылында - 2 балл.