Түркістан облысында полицияға Төлеби ауданындағы ауылдың бірінде шаруашылық құрылыстары мен бірнеше автокөліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша, күдіктілер дер кезінде ұсталды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Зардап шеккендер жоқ.
Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның мәнжайы анықталуда.
Жергілікті тұрғындармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.