Назым Қахарман Бишімбаевтың өзімен ажырасқаннан кейінгі іс-әрекеті қандай болғанын айтып берді.
"Ақша, бизнесті тартып алды": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі ажырасқаннан кейін экс-күйеуінің не істегенін айтып берді
Фото: видеодан алынды
4,534
оқылды

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман ажырасқаннан кейінгі өмірі туралы айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Назым Қахарман Бишімбаевтың өзімен ажырасқаннан кейінгі іс-әрекеті қандай болғанын айтып берді.

Айтуынша, Бишімбаев екеуінің ажырасқанын білген соң одан бүкіл мүлікті тартып алған.

«Ажырасқанымызды білген соң ақша, бизнес атаулының бәрін тартып алды. Жарты жыл өз күніңді өзің көр деді. Кейін ашуы басылған соң клубты қайтарып, балаларға көмектесе бастады. Абьюзер үшін қаржы жағы бұл әрдайым айла.  Бірақ мені алдай алмады. Қайтармаса да, көмектеспесе де болар еді. Өзіне де ұнауы керек қой, балаларға оңбағандық танытпау керек болды. Араласқысы келді», – деп жазды Назым.

Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды.