Қазір 31 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Индербордағы екі баланың өмірін қиған өрт: 31 жастағы күдікті қамауға алынды
797
оқылды

Атырау облысының Индербор кентінде пәтер өртеніп, екі бала мерт болып, екі адам ауруханаға түскен еді. Полиция қызметкерлері өртке қатысы бар күдіктінің қамауға алынғанын мәлімдеді, –  деп хабарлайды Aikyn.kz

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Индербор кентіндегі пәтер өртіне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Индер аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері пәтер өртіне байланысты жедел іздестіру  шарасын жүргізді. Соның нәтижесінде пәтер өртіне қатысы бар күдікті ұсталды. Қазір 31 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды», –  деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Индерде тұрғын үйден өрт шығып, екі бала көз жұмғаны хабарланды.