Өнер иесінің айтуынша, Бишімбаевтың бұрынғы әйелі отбасындағы жанайқайын ертерек жеткізгенде тіпті Салтанат тірі қалар еді.
«Салтанат тірі қалар еді»: Меруерт Түсіпбаева Бишімбаевтың бұрынғы әйелін сынады
Фото: видеодан алынды
1,199
оқылды

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева істі болып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қахарманды сынға алды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Айтуынша, экс-министрдің бұрынғы әйелі Назым Қахарман ел алдына шығып, сұхбат беруі ештеңеге әсер етпейді.

"Бұл әйелді ең бірінші рет теледидардан, Бишімбаевтың мемлекеттен қаржы жымқырды деп күдікке ілінгенінде көрген едім. Сонда, білімділігін бөлек қойғанда, күйеуіне деген адалдығы тәнті еткен еді. Бүкіл әлем қарсы шыққанда, қарлығаштың қанатымен су сепкендей, жан-тәнімен жұбайын, балаларының әкесін, сүйіктісін қорғап, жан ұшырғаны…

Салтанаттың трагедиясынан кейін, әр жерде бір жылтыңдап, сұхбат беріп, өйтіп еді, сөйтіп еді, ал мен мықтымын, тірі қалдым дегендей сайрап...

Алдында қалыптасқан ойымды 100 % өзгертті", –  дейді әнші.

Өнер иесінің айтуынша, Бишімбаевтың бұрынғы әйелі отбасындағы жанайқайын ертерек жеткізгенде тіпті Салтанат  тірі қалар еді.

"Егер, бұл айел   өзі ажырасып жатқан кезеңде, дәл қазіргідей жанайқайын қоғамға жеткізіп ашық айтса ғой, Салтанат тірі болар ма еді, деген ойлар келеді. ”Ақсақ қой түстен кейін маңырай ма?!”. Бояуы сіңгенде, бәлен жыл тұрып, 3 бала туған еркекті жамандағаннан кімге пайда бар?! Ол қандай болса да   балалардың әкесі болып қалады! Күлге аунап тумады ғой. Бұл жайтты өзгерту мүмкін емес! Балаларының тегі, қаны соныкі! Дау өршіп тұрған дәл қазіргі уақытта өз басым  ана ретінде, балаларымның жан тыныштығы үшін, үндемей отырар едім. Әттең-ай. Бұлай танымал болмай-ақ қойсақ",  –  деді әнші  Instagram парақшасында.