Жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларын кемсітіп, қорлаған.
Жамбылда интернатта ұл баланы зорлаған
Фото: polisia.kz
1,233
оқылды

Жамбыл облысы Жаңатас қаласында интернат тәрбиеленушісін жоғары сынып оқушысы зорлаған. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, полиция қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл жағдай Сарысу ауданы Жаңатас қаласында орналасқан интернатта болған. Жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларын кемсітіп, қорлаған. Облыстық Полиция департаменті қорлау фактісін растады.

«Сарысу аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған 14 жастағы балаға қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қажетті сараптамалар кешені тағайындалды», – деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті қамауға алынды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін интернат басшылығына қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды.