Ақтауда тұрғын үйдің жоғары қабатынан құлаған 4 жасар бала мерт болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қайғылы оқиға облыс орталығының 17-шағынауданындағы үйлердің бірінде болды. Қараусыз қалған бала бесінші қабаттан құлап кеткен.
Аталған жағдайдың куәгерлері оқиғаның 25 сәуірде болғанын айтып отыр.
Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің өкілдері пікір білдіріп, тексеру жұмыстары басталғанын мәлімдеді.
«Бала оқиға орнында қаза болды. Бұған қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның мән-жайы тексерілуде», – деді облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.