Әлеуметтік желіде ер адамның әйелді аяусыз ұрып жатқан видеосы тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бейнежазбадан ер адамның көпқабатты тұрғын үйдің алдында әйелді ұрып, тепкілеп жатқанын көруге болады.
Оқиғаға не себеп болғаны белгісіз. Алматы қаласы Полиция департаменті кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімдеді.
«Бұзақылық бабы бойынша іс қозғалды. Видеодағы адамдардың кім екені анықталып жатыр. Кінәлілер жауапкершілікке тартылады, – делінген ПД хабарламасында.