Жол-көлік оқиғасы 26 сәуір күні сағат 18:30 шамасында болған.
Атырауда жол апатынан мопед жолаушысы қайтыс болды
Фото: видеодан кадр/Атырау қалалық ПД
481
оқылды

Атырауда жол апатынан мопед жолаушысы қайтыс болды. Бұл туралы Атырау қалалық Полиция басқармасы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жол-көлік оқиғасы 26 сәуір күні сағат 18:30 шамасында болған. Құрманғазы-Луговая көшелері қиылысында 1979 жылы туған жүргізуші Toyota Ipsum маркалы автокөлігімен солға бұрылу кезінде қарама-қарсы келе жатқан 2008 жылы туған мопед көлік құралының жүргізушісіне соқтығысты.

Салдарынан 2006 жылы туған жасөспірім, мопед көлік құралының жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Полиция қазір тиісті іс-құжаттар жинақталып жатқанын жеткізді.