Түс кезінде Төтенше жағдайлар департаментіне Шығыс айналма жолына жақын тұрған баспананың жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Алматыда жеке тұрғын үйден шыққан өрт 200 шаршы метр аумақты шарпыды
626
оқылды

Тілсіз жау 200 шаршы метр аумақты шарпыды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

КТК телеарнасы жазғандай, қызыл жалын алдымен Шоқай көшесіндегі қосалқы ғимараттың шатырынан тұтанып, кейін Орынбор көшесінде орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй шатырына таралып жалын лезде шарпыған.

Төтеншеліктер өртті жарты сағатта сөндірді.  Ал жанған үйдің артынан 37 газ баллоны табылып, дер кезінде шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Өртпен күреске 32 маман мен 10 техника жұмылдырылды.

«Үйдің жанып жатқан ошағы батыс бағыттан басталып, шығыс бағытта және де оңтүстік бағытта таралғанын байқадым. Орынбор, 43 үйі, №29 үйдің артында 37 газ баллоны табылды. Жарылыс қаупінің алдын алдық», – деді Азаматтық қорғау гвардиясының бастығы Айбек Байысбеков.