Ақтаудың 17-шағынауданында төрт жасар бала терезеден құлап көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Куәгерлер баланың бесінші қабаттан құлағанын көрген. Оқиға кеше, 25 сәуір күні болған.
"Бала оқиға орнында қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп жазды Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.