Осыдан кейін ол қызметінен босатылды.
Көшедегі ер адам оларды түсіріп алған.
Видеода көліктің артқы орындығында полиция қызметкері мен бір жалаңаш адамның сұлбасы көрінеді.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Қызметкер қызметтік тексеруден кейін жұмыстан босатылған екен.
"Солтүстік Қазақстан ІІБ-нің аудандық ішкі істер бөліміне полиция қызметкерінің заңсыз әрекеті туралы 44 жастағы ер адам арызданды. Тексеру барысында қызметтік тәртіпті өрескел бұзу фактісі анықталды. Құқық қорғау органының беделіне нұқсан келтіретін құқық бұзушылық ретінде Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен қызметкер қызметінен босатылды", – деп мәлімдеді СҚО ПД.
Сондай-ақ аудандық бөлімшенің басшылығы мен басқа да бірқатар қызметкерлер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.