Мәжіліс депутаттары мен Палата аппаратының қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мәжіліс депутаттары мен Аппарат қызметкерлері Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің аумағын көгалдандыруға атсалысты. Жалпықалалық сенбілік барысында депутаттар шырша, қарағай, емен және қайың көшеттерін отырғызды.
Сенбілік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірлерін қамтыды. Ал Астанада «Жасыл аймақ» деген атаумен өтуде.