Оралда полицейлер бастауыш сынып мұғалімін өлтірді деген күдіктіні ізін суытпай ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Tengrinews.kz Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап мәлімдеді.
25 сәуірде жүргізілген жедел-іздестіру шараларының барысында ер адам анықталып, ұсталды. Күдікті бұрын сотталған Орал қаласының тұрғыны болып шықты.
«Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауда отыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды», – делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін Оралда бастауыш сынып мұғалімі Надежда Никитинаны өз пәтерінде өлтіріп кеткені жайлы жазған едік.