Апат салдарынан оқиға орнында бес адам қаза тауып, екі адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды.
Ақмола облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды
Фото: darakchi.uz
340
оқылды

Ақмола облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолында жол апатынан 5 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 28 сәуірде сағат 23:51 шамасында Астрахан ауданы Жалтыр ауылының маңында, яғни «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1099-шақырымында болған. 

Анықталғандай, Жарқайың ауданының 29 жастағы тұрғыны басқарған «Mercedes-Benz E200» автокөлігімен Жақсы ауылынан Астана бағытында шыққан «ВАЗ-2107» машинасына соқтығысқан.

«Апат салдарынан оқиға орнында бес адам қаза тауып, екі адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды», – деді ведомство.