26 сәуірде таңғы сағат 3:30-да балалардың анасы да жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Әйел терісінің 90-95 бөлігін күйік шалған.
Атырау облысында өрт шыққан пәтерден өлі табылған екі баланың анасы ауруханада көз жұмды
Фото: Fabian Strauch/dpa/picture alliance
856
оқылды

25 сәуірде Атырау облысы Индер ауданындағы бес қабатты үйдің пәтері өртеніп, екі баланың денесі табылған еді. Өртенген пәтерден ауруханаға жеткізілген анасы 26 сәуірде жансақтау бөлімінде көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға 25 сәуірде сағат 6:00 шамасында Атырау облысы Индер ауданындағы бес қабатты үйде болған. Екінші қабаттағы пәтерде өрт шыққан. Өрт сөндірушілер жатын бөлмеден 10 және 7 жастағы екі баланың денесін шығарды. Балалардың анасы мен 1994 жылы туған ер адам жансақтау бөліміне жатқызылды.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 26 сәуірде таңғы сағат 3:30-да балалардың анасы да жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Әйел терісінің 90-95 бөлігін күйік шалған. Дәрігерлер ауруханаға түскенде оның жағдайын ауыр деп бағалаған еді.

Ведомство мәліметінше, ер адам есін жиып, Индер аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер жағдайы орташа ауыр деп хабарлаған.

Балаларды өлтіріп, өрт қойды деген күдікті сол күні ұсталды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.