Уақытша тұруға болатын баспаналарды белгілі әнші, композитор Роза Әлқожа көрсетті.
Өнер иелері тасқыннан зардап шеккендерге үй жіберіп жатыр
326
оқылды

Өнер иесі тасқыннан зардап шеккендерге жіберілген баспана-контейнерлерді көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Ал кішкентай болса да көңіл деп қабылдаңыздар! Өнер адамдарының атынан жасалған тұрғындарға арналған уақытша баспана-контейнерлер Қостанайға жол тартты. Алла ақ жол берсін, жүк көлік иелері рақмет сіздерге! Өзге ұлт өкілі болса да, жеңілдікпен апара жатқандарыңызға алғыс!", –  деп жазды ол. 

Өнер иесі дәл осындай баспана Атырауға да жеткізілетінін тілге тиек етті.