Облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысы Нұрлан Бикенов 1 мамырдан «Береке – бірлікте» жалпы республикалық акциясының басталатынын айтты.
Шет ауданына гуманитарлық көмек жөнелтілді
1,035
оқылды

Бүгін Қарағанды облысының орталығынан қарғын судан зардап шеккен Шет ауданына гуманитарлық көмек тиелген жүк көліктері жол тартты.

Қарағанды облысының  әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аппарат жиынында мамыр айындағы мерекелерді тойлау мәселесін қарастырды. Бұл ретте аймақ басшысы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынына байланысты күрделі жағдайды ескере отырып, мерекелік шараларды қайта форматтау туралы тапсырма бергенін атап айтты. 

Яғни, барлық қоғамдық күштер мен ресурстар, мерекелік шаралар табиғи апат салдарын жою және зардап шеккен халыққа көмек көрсету мақсатында халық бірлігі аясында өтуі тиіс екенін еске салды. Облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысы Нұрлан Бикенов 1 мамырдан «Береке – бірлікте» жалпы республикалық акциясының басталатынын айтты. 

«Бұл акцияға аймақтың еріктілері мен кәсіпкерлері қатысады. Бұл күні су тасқыны кезінде құтқару жұмыстарымен айналысқан волонтерлер мен құтқарушыларға құрмет көрсетіледі. Сонымен қатар, Достық үйінен Солтүстік-Қазақстан облысына «Қайырымдылық керуені» гуманитарлық көмегі жөнелтіледі. Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамасымен «Бірлік» марафоны бастау алды. Оған 1500 спортшы мен Ассамблея мүшелері қатысты. Бұдан бөлек, дөңгелек үстелдер, кездесулер ұйымдастырылады», – деді Нұрлан Рахметуллаұлы.

Міне осы бастама бүгін бастау алды. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» республикалық акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккен Шет ауданына 3 жүк көлігі 60 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді. Жүк азық-түлік, ең қажетті тауарлармен және құрылыс материалдарынан тұрады. Көмек жинауға ҚХА мүшелері, кәсіпкерлер, облыстың қамқор тұрғындары, еріктілер, жастар қатысты.

Айта кетейік, су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек жинау штабы осы жылдың 8 сәуірінен бастап жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда 100 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы