13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, екеуіне қылмыстық іс қозғалған.
Су тасқыны кезінде жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылды
705
оқылды

Су тасқыны кезінде жалған ақпарат таратып, халық арасында дүрбелең тудырғаны үшін 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал екеуіне қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы «Біз біргеміз» телемарафонында ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешов айтты.

Оның айтуынша, жауапқа тартылғандар көбіне гуманитарлық көмектің ұрланып, оны әкімдік өкілдерінің иемденіп жатқаны және кісі өлімі жөнінде қауесеттің таралуына себепші болған.

«Су тасқынына қатысты жалған ақпарат таратқан 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 2 қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында 7 адам, Астана қаласы мен Маңғыстау облысында 2 адам, Атырауда 1 адам және БҚО-да 1 адам жауапқа тартылды. Жалған ақпаратпен күрес жалғасып жатыр, мониторинг жүргізіп отырмыз», – деді Шыңғыс Алекешов.