Екі аптада полиция 130-ға жуық стихиялық қоқыс орнын анықтады.
Полицейлер 130-ға жуық заңсыз қоқыс орнын анықтады
1,409
оқылды

15 сәуірден бастап республика аумағында тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын қоқысқа белгіленбеген жерлерде қалдырып кету, сұйық қалдықтарды заңсыз төгу фактілеріне жол бермеу бойынша арнайы акция өткізіліп жатыр. Бұл туралы Аikyn.kz агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Акция басталғалы бері полицейлер 127 заңсыз қоқыс орнын анықтады. Олардың 32-сі елді мекендерден шалғай жерлерде орналасқан. Жалпы 19 274 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 5 488 факті ортақ пайдалану орындарын ластаумен, 13 786 факті абаттандыру ережелерін бұзумен байланысты.