Әлемнің 182-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Гуанчжоу (Қытай) челленджер турнирінің ширек финалына өтті.
Теннисші Бейбіт Жұқаев Қытайдағы турнирдің ширек финалына өтті
312
оқылды

Қазақстандық теннисші 1/8 финалда дүниежүзілік рейтингіде 485-сатыдағы қытайлық Ригел Темен кортқа шықты. Бірінші партияда Бейбіт 7:5 есебімен Тені қапы қалдырды. Екінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:3).

Екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында Жұқаев 12 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін мүлт жіберген жоқ. Те 6 эйс, 1 брейктен аса алмады. 

Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 119-ыншы, осы жарыстың 3-ракеткасы, аустралиялық Адам Уолтоннан өтуге тырысып көреді. 

Қазақстандық теннисші қазір ATP Live рейтингісінде 172-орынға көтеріліп тұр. Бұл – оның рекордтық көрсеткіші.