Шымкентте алаяқтық жасаған нотариус төрт жылға сотталды.
Шымкентте алаяқтық жасаған нотариус 4 жылға сотталды
318
оқылды

Қалалық прокуратураның мәліметінше, қылмыстық іс бойынша тоғыз жәбірленушіге 47 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген, деп жазады Aikyn.kz.

"Алаяқтық фактісі бойынша сот үкімімен нотариус төрт жыл мерзімге бас бостандығын шектеу, оның сыбайластары үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу және 3 жыл 9 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сотта жеке нотариус А.-ның жәбірленушілердің сеніміне кіріп, қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, пайда алу үшін несие немесе кепілдік шартын рәсімдеудің орнына бірнеше рет сатып алу-сату шартын жасап, куәландырғаны анықталды. Артынша үшінші тұлғаларға меншік құқығын беріп, шартты Шымкент қаласының әділет органдарына тіркеуге заңсыз жіберген", – делінген хабарламада.

Шымкент полициясы қала тұрғындарын нотариустардың қатысуымен жылжымайтын мүлікке құжаттарды рәсімдеу кезінде абай болуға, қажет болған жағдайда адвокаттармен кеңесуге шақырды.