Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 5 тұрғын үй мен 24 үй маңындағы учаскелерді су басты, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, жауын-шашын әсерінен Бұқтырма өзеніндегі су деңгейі көтерілді.
«Жағдай аймақ құтқарушыларының бақылауында. Аэровизуалды ұшу жүргізілуде.
Семей, Өскемен қалаларынан келген ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ ҚР ТЖМ 68303 бөлімінің әскери қызметшілері алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін елді мекенге кетті. Қазіргі уақытта су бұру үшін арнайы техника тартылды», – делінген хабарламада.
Тұрғындар эвакуациядан бас тартып, уақытша туыстарының үйіне орналастырылды. Ауылдық мектепте сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.