20 жастағы тұрғын жедел жәрдем қызметінің фельдшерін ұрып-соққан.
Атырауда мереке күні жедел жәрдем фельдшерін ұрып-соққан
Фото: orda.kz
693
оқылды

Атырауда мереке күні жедел жәрдем қызметінің фельдшерін ұрып-соққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға Атырау қаласында 1 мамыр күні түнгі сағат 3:40 шамасында болған. 20 жастағы тұрғын жедел жәрдем қызметінің фельдшерін ұрып-соққан.

Күдікті анықталып, ұсталды. Наркологиялық тексеру нәтижесінде күдіктінің жеңіл дәрежелі мас екені анықталды.

"Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", – делінген ДП хабарламасында.