Түнде Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Ақмола облысының солтүстік-шығысында 1-6 градус үсік күтіледі.
6 градус үсік, жаңбыр, қар: 3 мамырға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: pexels.com
1,994
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 3 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазқстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райын сақталады, найзағаймен жаңбыр, түнгі сағаттарда еліміздің солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында, батыстың, оңтүстіктің жекелеген аудандарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде дауыл, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, солтүстік-батысы, солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Ақмола облысының солтүстік-шығысында 1-6 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Қызылорда, Қарағанды облыстарының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, Абай, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.