Балабақшаға Қазақстаннан келген иммигранттармен қатар қырғыз және америкалық отбасылар да балаларын бере алады.
Америкада тұңғыш қазақ балабақшасы ашылды
Фото: видеодан алынды
634
оқылды

Американың Калифорния штатында алғашқы қазақ балабақшасы ашылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

АҚШ-та білім орталығын құру туралы идея отандасымыз Жанна Атабековаға тиесілі. Оның айтуынша, енді Кремний алқабында тұрып, жұмыс істейтін қандастарымыз өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіріп, қазақ тілін үйрете алады. Балабақшаға Қазақстаннан келген иммигранттармен қатар қырғыз және америкалық отбасылар да балаларын бере алады.

“Бізге бәрі ұнады. Балаларымыз ата-әжесінің тәрбиесіндей тәрбие алғанын қалаймыз”, – дейді шетелдегі отандасымыз.

Тағы бір қандасымыз балабақшаның қазақ тілін үйретудегі маңызы зор екенін айтты.

“Тілімізді сақтап қалу үшін балабақшаның маңызы зор. Кіші қызым Асима 1 жарым жаста. Қызым ана тілін біліп өскенін қалаймын”, – дейді ол.