Топырақ көшкінінен ешкім зардап шеккен жоқ.
Алматы облысында топырақ көшкіні болды
1,232
оқылды

Ауа райының құбылуына байланысты Талғар ауданы Бесағаш ауылында тау баурайынан көлемі шамамен 30 текше метр болатын топырақ көшкіні жүрді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Топырақ көшкінінен ешкім зардап шеккен жоқ.

«Көшкін жүрген «Бурабай» коттедж қалашығында 80-ге жуық адам тұрады. Жылына екі рет көшкін қаупі бар кезеңде «Қазселденқорғау» ММ мамандары қауіпті учаскелерде тұратын тұрғындарға көшкіннің болу қаупі туралы хабарлама жібереді. Қазіргі уақытта тірек қабырғасын ұзарту және тауды каскадты кесу арқылы тау массивін жеңілдету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құлаған топырақты шығару уақытылы жүзеге асырылып жатыр», – деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.

Жергілікті жерде «Қазселденқорғау» ММ, Төтенше жағдайлар департаменті, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Қазгидроспецстрой» ЖШС қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.