АҚШ-та сәбилер үшін қазақ, қырғыз, ағылшын және орыс тілінде жа­зылып, безендірілген ерекше кітап жарық көрді.
«Қара, балам» АҚШ-та жарық көрді
фото: 24.kz
559
оқылды

Шетелдегі қазақ пен қырғыз балаларын өз халқының үлгі-өнегесімен тәрбиелеуді көздеген әріптес жандар «Қара, балам» атты жинақты жарыққа шығарды. 

– Бұл нәрестелерге арналған кі­тапты ақ-қара түсте жасап шы­ғар­дық. Себебі сәбилер алғашқы екі-үш айдан бастап алты айға дейін түрлі түсті бояуларды дұрыс кө­ре алмайды. Әрі қазақ пен қыр­ғыз халықтарының мәдениеті мен тілін жоғалтпай, балаларымызға да бергіміз келді, – дейді кітаптың авторы Айсалқын Ботаева.  

Ал суретші Ерден Зікібай сә­би­ге төрт тілде мәлімет беретін жаңа жинақты безендіру кезінде қа­зақ оюларын зерттеп, ұлттық на­қыштарға айрықша басымдық бергенін айтты.

– Қазақтың ою-өрнегі туралы Ера­лы Оспанов деген суретші жа­са­ған осындай бірнеше кітап бар. Со­ларды мен жақсылап тұрып оқып, іздендім. Табиғат, жануар, солар­дың бейнелерін тікелей біздің ою-өрнектерімізге негіздеп жасадым. Се­бебі ата-бабала­ры­мыз­дың жаса­ған суреттері мен қа­зіргі балалар­дың арасында бай­ла­­­­нысты үзбей жал­ғастырғым кел­­ді, – деді сурет­ші Е.Зікібай.

Кітаптағы басты сурет – күн. Ол Қазақстан мен Қырғызстанның туын­­да бар. Сондай-ақ Алатау тау­­­­­ла­рында кең таралған, ежелгі сақ дәуіріндегі алтыннан жасалған әше­­­­кейлердегі ілбіс бейнесі бар. Ол Алматы мен Бішкектің таңба­сын­да бейнеленген. Суретші Ер­ден осы символдарды екі елді бай­ланыс­тыратын белгі ретінде алған.