Бұл туралы танымал әнші Taboo бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Kalifarniya-ның "Аспан" әні қайтыс болған қызға арналған
604
оқылды

Kalifarniya айтуынша, бұл ән атыраулық досының қайтыс болған қызына арналған, деп жазады Aikyn.kz.

"Бір ай Атырау қаласына барып, сол жақтағы театр әртістерімен танысып, дос болып кеттім. Бірге жүрдік. Атыраудан кеткеннен соң екі күннен кейін досыммен үйленейін деп жүрген қызы жол апатына түседі де, қызы қайтыс болады. Досым өте ауыр жағдайға түсіп кетті. Алланың сынағы ғой. Бір аптадан соң досым хабарласып, ішқұса болғанын айтты. "Ол түсіме кіреді, "мен тоңып қалдым" деп айтады, "мен де артынан кеткім келеді" деді. Басу айтып, достық ақылымды айттым. "Фархат, өтінішім бар еді, махаббатымыздың куәсісің ғой, бұл әнді жарыққа шығармай-ақ қой, тек Әселді сағынғанда өзім тыңдайын деп едім" деп ән шығаруымды сұрады. Сөйтіп, таңға жақын өлең жолдары келді. Алладан дұға етіп, пайдалы болуын сұрадым. Дайын болған соң досыма жібердім. Жалпы, "Аспан" әні қайтыс болған сол досымның қызына арналған ән еді",  деді ол.