Қуандық Бишімбаев ісінде прокурор Айжан Аймағанова сот жарыссөзінде қорғаушы тарап айтқан деректерге қатысты мәлімдеме жасады.
Өлім мен өмірдің арасында жанталасып жатты: прокурор Бишімбаевтың Салтанатты не үшін өлтіргенін айтты
1,074
оқылды

Мемлекеттік айыптаушы қорғаушылардың сөзін жоққа шығарды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қорғаушылар көйлек пен мүсәтір спирті, сынған есікке мән бермеу керек дейді. Сөйте тұра өз сөздеріне қарсы шығып, істі қайта тергеп, адамды көз жұма соттауға болмайтынын айтады. Есіктер, мүсәтір спирті мен көйлек  қылмыстың бір бөлігі. Мен Салтанатқа ұқсайтын әйел іздеуі, Гүлнар Насырбекованың айғақтарды алып кеткені туралы айтпадым. Қорғаушылар Бишімбаевтың Салтанатты не үшін өлтіргені анықталмады деп отыр. 

Құрметті алқабилер, адамды өлтіру үшін себеп керек пе? Бишімбаев Салтанатты қызғаныштан өлтірді",  дейді Айжан Аймағанова.

Ол тағы бір маңызды деректі алға тартты  Бишімбаевтың қорғаушылары айыптау актісіндегі Салтанат өлген уақытқа шүйлікті.

"Ол жерде екі түрлі келтірілген деп отыр. Алайда сот сараптамасын жасаған сарапшы Салтанаттың агонияда жатқанын айтты. Салтанат өлім мен өмірдің арасында жанталасып жатты",  деді прокурор.