Елордадағы 7 көшеде жаңа автобус жолақтары пайда болады, - деп хабарлады CTS компаниясы.
Астанада жаңа автобус жолақтары сызылды
821
оқылды

Нақты айтқанда, жалпы ұзындығы 58,6 шақырым болатын 7 көшеге жаңа автобус жолақтары (Bus Lane) енгізіледі, - деп жазады Aikyn.kz.

Алдағы уақытта жаңа жолақтар Мәңгілік ел даңғылы, Тұран даңғылы, Тәуелсіздік даңғылы, Керей Жәнібек хандар көшесі, Ұлы Дала даңғылы, Рахымжан Қошқарбаев даңғылы, Шыңғыс Айтматов даңғылында пайда болады.

Мамырдың соңында жаңа жолақтардың пайдалануға берілгенін хабарлаймыз. Бұл қоғамдық көліктің жүру уақытын 6 минутқа қысқартады. Мәселен, 18 минуттан 12 минутқа дейін. Сондай-ақ автобустардың қозғалыс жылдамдығын 16 шақырым/сағаттан 19 шақырым/сағатқа дейін арттыруға ықпал етеді.

Айта кетейік, Астанада автобус жолақтары (Bus Lane) алғаш рет 2015 жылы 26 шілдеде пилоттық режимде енгізілген еді.