Бұзақылық жасағаны үшін 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген.
2013 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген ер адам Абай облысында ұсталды
Фото: polisia.kz
1,267
оқылды

Абай облысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды  Aikyn.kz  polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Абай облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұзақылық жасағаны үшін 2013 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады.

"Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Тәжікстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе шешіліп жатыр", - деді Абай облысы Полиция департаменті  бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.