Астанада өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында 67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Төрехан Сабырхан финалдық кездесуде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Шешуші айқаста отандасымыз өзбекстандық Мұхаммадазизбек Исмоиловтан үш раунд қорытындысы бойынша басым түсті. Соңғы раундта Исмоилов екі рет нокдаунға түсті. Осылайша шаршы алаңда ширақ қимылымен, өткір шабуылымен, дәл соққыларымен көзге түскен Төрехан Сабырханды төрешілер жеңімпаз деп таныды.
Айта кетейік, Төрехан – 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы ересектер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, еліміздегі танымал боксшы Махмұд Сабырханның інісі.
Ол былтыр елордада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында да топ жарған болатын.