Қызылордалық журналист полиция қызметкерінің үстінен шағымданды
Қызылордалық журналист полиция қызметкерінің үстінен шағымданды
© Сурет ғаламтордан
313
оқылды
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Ақтөре Ибрагимұлы өз құқығының тапталғанын айтып, дабыл қақты. Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялады. https://www.youtube.com/watch?v=wF9cjg2my0Q Жазбада құқық қорғаушының теріс іс-әрекетіне тап болғаны, полиция қызметкерінің дөрекілік танытқаны, жеке мүлкін (ұялы телефонын) тартып алып бермей қойғаны баяндалған. Ол сондай-ақ "Әдеп" кодексін, мемлекеттік қызметші этикасын сақтамаған полиция қызметкері өзін толық таныстырмағанын айтқан.
"Құқық қорғау саласы қызметкерінің жеке мүлкім - ұялы телефонымды видеоға түсірме деп тартып алып, сындырып тастағаны және дөрекі сөйлеп, видеоны өшір деп қысым көрсеткені анық көрсетілген видеоны Қызылорда облысының полиция департаментінің, Мемлекеттік Қызмет Істері Қызылорданың, сондай-ақ Қызылорда облыстық прокуратурасының ресми парақшаларына месенджер арқылы жібердім. Ресми органның мамандары материалды қабылдап алды. Есімі Нартай, шені капитан өте дөрекі қызметкердің үстінен сотқа талап арыз түсіретінімді мәлімдеймін.  Сондықтан Әдеп кеңесінде қарап, тәртіптік шара көруді сұраймын. Қажет болса, барып қатысып, өз дәлелдемелерімді көрсетуге дайынмын. Мен Қазақстан Республикасының Заңдарына құрметпен қараймын. Бүгінге дейін бірде-бір айыппұл төлеп, заң бұзып көргенім жоқ. Тек мұндай өрескел теріс іс-әрекеттерге көз жұма қарай алмаймын. Өздері кінәлі болмаса неге ұялы телефонымды тартып алады???", - делінген жазбада.
https://www.facebook.com/aktore.bek/posts/2475641766021873 Әлеуметтік желі қолданушылары арасында бұл оқиға қызу талқылануда. Желі қолданушылары полиция қызметкерінің ұят іс жасағанын, соңғы кездері олар адамды сыйламайтын іс-әрекеттер жасайтынын айтуда. Ақтөре Ибрагимұлының айтуынша, жазба жарияланғаннан кейін оған Қызылорда облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының мамандары хабарласқан. Бақылауға алынып, тексерілетінін, қосымша хабарланатынын айтқан.