Коуч, психолог Роза Әшірбаева әлеуметтік желіде оқырмандардың сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Одан желі қолданушыларының бірі 30 жастағы жігіттің автобуспен жүруіне қатысты пікірін сұраған.
«Жасы 30-ға толған ер-азамат үй алу үшін, бизнеске ақша жинап, автобуспен жүрсе түсінуге болады. Ал егер ақшасын оңды-солды шашып, түк бітірмей автобуспен жүрсе онда мәселе болады. Кейбір жігіттер бар сондай. Үш күннен кейін айлығын жаратып, іші-жеп құртып тастайды. Бәрі бірдей емес. 30 немесе 35 жасқа жеткенде бизнес ашу үшін тірнектеп ақша жинап, үй алу үшін депозитке құйып жатса ондай жігіттерге “Жарайсың!” деп қана айтамыз. 30 жасында ешқандай жетістікке жетпеу, ауыз толтырып айтатын заты болмайтын ер азамат болу – ұят! Қыздарға қарағанда жігіттердің қолы бос. Студент кездерінде түк ойламай жүреді. Сосын көзді ашып-жұмғанша 30 жасқа толғанын сезбей қалады. Мақсаты айқын болуы керек», – дейді коуч.
Желі қолданушылардың пікірі екіге жарылды. Бірі психологты сынаса, екінші топ айтқанымен келіскен.