Екі боксшымыз Олимпиада ойындарына жолдама алды
Екі боксшымыз Олимпиада ойындарына жолдама алды
© Сурет ғаламтордан
150
оқылды

Амман қаласында (Иордания) бокстан Токио Олимпиадасына аймақтық іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін қазақстандық боксшылардан екінші болып шаршы алаңға шыққан Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) еш қиындықсыз жеңіске жетті. Жас әлем чемпионы Бекзат ширек финалда тәжік боксшысын 5:0 есебімен жеңді. Сөйтіп, Олимпиада ойындарының жолдамасына иелік етті. Бұған дейін ерлер арасында 69 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов жартылай финалға жолдама алған болатын. Отандасымыз ширек финалда Таиланд боксшысы Масуук Вуттичайді 5:0 есебімен жеңді. Айта кетейік, бүгін күндізгі сессияда Василий Левит (91 келі) те өнер көрсетеді.