Оқиға Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы № 26 разъезд аумағында болған.
Қызылордада жүк пойызы 11 қойды қағып кетті
Еgemen.kz
923
оқылды

Polisia.kz-тің хабарлауынша, жүк пойызының машинисі теміржолда ұсақ малдың болуына байланысты шұғыл тежеуді басқан. 

«Оқиға барысында 11 бас қой пойыздың астына түскен. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 10 минутты құрады. Тексеру барысында Қызылорда стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қойлардың иесі 32 жастағы азаматты анықтады. Ер адам теміржолға бөлінген жолақта мал жаю ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп мәлім етті Қызылорда стансасындағы желілік полиция бөлімі. 

Көлік полициясының қызметкерлері шаруа қожалықтарының иелеріне қауіпсіздік шаралары туралы тағы да ескертіп, теміржол маңында мал жаю кезінде мұқият болуды сұрайды.