8 мамырда Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі бекітілген қаруды алып, бөлімді өз еркімен шығып кету фактісі тіркелді.
Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
2,209
оқылды

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Атырау гарнизонының баспасөз қызметі мерзімді қызметтегі сарбаздың әскери бөлімнен қару алып шыққаны туралы мәліметті растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«2024 жылғы 8 мамырда Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі бекітілген қаруды алып, бөлімді өз еркімен шығып кету фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта әскери қызметші бөлім аумағында. Зардап шеккендер жоқ. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді», – деп жазылған ресми мәліметте.

Кей мәліметтер бойынша, әскери бөлімнен қашқан сарбаз – Көкшетау қаласының тумасы. Ол әскерге биылғы 18 сәуірде шақырылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан табасыз.