Видео әлеуметтік желіде жарияланды.
Қонаевта көлігіне итті байлап сүйреген адам жауапқа тартылды
Фото: видеодан алынды
840
оқылды

Қонаевта көлігіне итті жіппен байлап сүйреген адам ұсталып, жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Видео әлеуметтік желіде жарияланды. Авторы оқиғаның Қонаев қаласында болғанын айтты.

Алматы облысының полициясы болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Құқық бұзушыны қалалық полиция қызметкерлері анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 407-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар, ер адаммен мұндай фактілерге жол бермеу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді», – деп хабарлады полиция.

ПД пост авторына белсенді азаматтық ұстанымы және құқық қорғау органдарына құқық бұзушылықтарды анықтауға көмектескені үшін алғысын білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан табасыз.