Қазіргі уақытта зардап шеккендер қаладағы жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілген.
Семейде көпқабатты үйде лифт құлап кетті
Фото: pexels.com
868
оқылды

Семей қаласында көпқабатты үйде лифт құлап, 6 адам зардап шекті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Оқиға 8 мамырда түс кезінде болған.

– Сағат 11.40 шамасында Әуезов даңғылы, 3 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйдегі екінші кіреберісте лифт шахтаға құлап кеткен. Лифтке 6 адам кіргені анықталды. Рұқсат етілген салмақтан асып кету салдарынан лифт кабельдері үзіліп кеткен, – деп хабарлады қала әкімдігінен.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер қаладағы жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілген. Оларға медициналық көмек көрсетілуде.

Абырай болғанда, оқиға салдарынан қаза болған ешкім жоқ. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде, – делінген ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан табасыз.