Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округіндегі таулы аймақта демалып жүрген 1973 жылы туған ер адамның жүрегі тоқтап, қайтыс болды.
Түркістан облысында тауға барған ер адам кенеттен қайтыс болды
Фото: aigak.kz
1,641
оқылды

Қайғылы оқиға Түркістан облысының тауларында болды. Ер адам кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округіндегі таулы аймақта демалып жүрген 1973 жылы туған ер адамның жүрегі тоқтап,  қайтыс болды. Оқиға бір топ азамат демалып жатқан тау баурайында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, топ мүшелерінің бірі жүрек тұсында қатты ауырсынуды сезген.  

Дереу жедел жәрдем шақырылғанмен, ер адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты тиісті тексерулер жүріп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.