Еліміздің екі өңірінде жарты сағаттық интервалмен екі бала терезеден құлаған. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Жарты сағатта екі бала терезеден құлаған
toppress.kz
935
оқылды

Олардың мәліметінше, бірінші жағдай Қарағанды облысының Шахтинск қаласында болды. 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтердің терезесінен екі жасар қыз құлап түскен. Қазір ол ауруханаға жеткізілген.

Екінші жағдай Семей қаласында болған.  Үш жасар кішкентай қыз 2-қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған. Жағдайы ауыр, қазір ауруханаға жатқызылды. Екеуі  де ересектердің қарауынсыз қалған.

ТЖМ кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды, ешқашан москит торына сенбеуді және олардың құлаудан қорғауға арналмағанын ескертуде.