Қазіргі уақытта қыстайтын тұрғындар эвакуациялауға дайын.
Жайық жағасындағы Лесхоз тұрғындары эвакуацияланады
2,163
оқылды

Жайық өзенінде су деңгейінің жоғарылауына байланысты Лесхоз қыстауының тұрғындарын эвакуациялау жоспарлануда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін, 2024 жылғы 9 мамырда Махамбет ауданының ТЖ жөніндегі жедел штабының шешімімен Жайық өзенінің жайылмалы аймағында орналасқан Лесхоз қыстауының тұрғындарын эвакуациялау жоспарланған. 

– Барлығы 7 үйдің 30 тұрғыны эвакуацияланады. Олар үшін Д.Туленов атындағы орта мектепте орналасқан эвакопункт дайындалды. Қазіргі уақытта қауіпсіз орындарға жергілікті тұрғындардың 310 мал басы көшірілді, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.  

Айта кетейік, Лесхоз қыстауы Махамбет ауылдық округіне қарайды. Барлығы 25 үй бар, олардың тек 7-і тұрғын үй. Тұрғындар негізінен мал шаруашылығымен айналысады, олардың көпшілігі Махамбет ауылының жергілікті тұрғындары. 

Қазіргі уақытта қыстайтын тұрғындар эвакуациялауға дайын. Жағдай ТЖ жедел штабының бақылауында. 

Баян Жанұзақова