Бұған дейін Қазақстан 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтінім бергені белгілі болған.
Қазақстан 2028 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізбейтін болды
РБК
1,405
оқылды

Қазақстан хоккейден 2028 жылғы әлем чемпионатын өткізуден бас тартты. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) президенті Люк Тардиф мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақпан айының басында Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры Глеб Каратаев федерация чемпионатты өткізуге өтінім бергенін мәлімдеген. Турнир Астана мен Алматыда өтеді деп жоспарланған, өтінімнің тұсаукесері Прагада 23-24 мамырда өтетін IIHF жыл сайынғы конгресінде ұсынылуы тиіс болатын.

«Қазақстан 2028 жылғы әлем чемпионатын өткізуге берген өтінімінен бас тартты», – деді Тардиф.

Бұған дейін Қазақстан 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтінім берген, бірақ Германияның ұсынысы жеңіске жеткен болатын.

Франция 2028 жылы турнирді өткізуге өтінім берді. Жоспар бойынша матчтарды Париж бен Лион қабылдауы керек. 2017 жылы Парижде Германияның Кельн қаласында әлем чемпионаты өткен.