Баланың миы шайқалып, жабық ми жарақатын алған.
Павлодарда 4 жастағы бала бесінші қабаттан құлап кетті
495
оқылды

Павлодар қаласында 4 жастағы қыз бала 5-қабаттан құлап кетті. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, көпқабатты үйлердің бірінен 2020 жылы туған қыз бала құлап кеткен.

«103 операторына көпқабатты үйдің 5-қабатынан 4 жасар бүлдіршіннің құлап кеткені туралы ақпарат түсті. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 5 минутта жеткен. Ол облыстық балалар ауруханасының жарақат бөліміне жатқызылды», – делінген хабарламада.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.