Бүгін 10 мамырда Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысы тек 2 минут болды.
Бишімбаев ісі: Алқабилердің сұрақтар парағы қашан жарияланатыны мәлім болды
Жоғарғы сот
350
оқылды

Экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туыс інісі Бақытжан Байжанов ісі бойынша алқабилердің қатысуымен сұрақтар парағын жариялау 13 мамырда сағат 09:30-да өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.

Бүгін сот отырысында іс бойынша тараптар алқабилердің қатысуымен соттың шешуіне жататын сұрақтарды талқылау және тұжырымдау өтті.

Төрағалық етушi тараптардың ескертулерi мен ұсыныстарын ескере отырып алқабилер үшін түпкiлiктi сұрақтар парағын қалыптастыру үшін кеңесу бөлмесiне кетті.

Жоғарғы сот мәліметінше, алқабилердің қатысуымен сұрақтар парағын жариялау 13 мамырда сағат 09:30-да өтеді. Айта кеткен жөн, бүгін, 10 мамырда өткен сот отырысының онлайн-трансляциясы тек 2 минутқа созылды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.